Абдилов Әлібек Сағидоллаұлы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Журналистика және саясаттану факультетін тәмамдаған.
 
2007-2009 жылдары  «Салиқалы радио». Жаңалықтар топтамаларының редакторы, эфир жүргізушісі, 2009-2012 жылдары «Деловая Волна» радиосында Ақпараттық бағдарламалар редакторы, 2012-2013 жылдары «Деловая Волна» радиосының Бас редакторы болды. 2012-2013 жылдары «24KZ» телеарнасында «ProNet» бағдарламасының редактор- жүргізуші қызметін атқарды.
 
2013-2014 жылдары «OrdaFM» радиосының ақпараттық бағдарламалар редакторы болды.
 
2014 жылдан бастап, Қазақ радиосының Ақпарат-сараптамалық бағдарламалар редакциясының редактор-жүргізушісі.
Кәсіби журналистикада жеткен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Астана қаласы әкімінің Алғыс хатымен, бірқатар республикалық және халықаралық ұйымдардың Алғыс хаттарымен марапатталған.