Айнұр Абайқызы Сарсенбекова

1978 жылы 10 қаңтарда Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық косерваториясын, Қазақ Ұлттық Музыка академиясын тәмамдаған.
 
2006 жылы Қазақ радиосы, Музыкалық-көңілашар бағдарламалары редакциясының редакторы, 2006–2007 жылдары Қазақ радиосы, Музыкалық-көңілашар бағдарламалары редакциясының  Жауапты редакторы, 2007-2009 жылдары Қазақ радиосы, Музыкалық-көңілашар бағдарламалары редакциясының  Бас редакторы болды. 2009-2010 жылдары Әдеби-сазды бағдарламалар редакциясы жетекшісінің орынбасары, 2010-2012 жылдары Әдеби-сазды бағдарламалар редакциясында  шолушы қызметін атқарды.  «Өнер адамы», «Әннің де естісі бар...», «Күй - шежіре», «Ән - домбыра» радиобағдарламаларының авторы. «Дала дауысы» халықаралық радиофестивалінің продюссері.