Айсәуле Бейсенхан

1986 жылы 8 тамызда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің түлегі. Айтыскер-ақын. Жыр сүйер қауымның ықыласын айтыс өнері арқылы өзіне баурап, республика деңгейінде өткен әр түрлі айтыстарда талай бәйгені қанжығасына іліп келеді.