Алтын Иманбаева

Солтүстік Қазақстан облысы, Шалақын ауданына қарасты Ортақкөл ауылында 1959 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы университетінің журналистика факультетін тәмамдағын.
 
1984-1990 жылдар аралығында «Мектеп» баспасында жұмыс істеген. 1990 жылдан осы уақытқа дейін Қазақ  радиосында қызмет етіп келеді. 2009 жылдан бері «Алтын қор» бөлімінің жетекшісі.
 
2006 жылы Қазақ радиосының 85 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мәдениет қайраткері»белгісімен, 2008 жылы «Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты»атағымен,2010 жылы Елбасының Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.