Алтынай Баратқызы Жанғазиева

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар мен Әлем тілдері университетін, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі бойынша магистратурасын тәмамдаған.
 
2007 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Роман-герман тілдері» кафедрасында қызмет атқарған. 2009 жылы Алматы қаласындағы №96 орыс мектебінде неміс тілі мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі болды. 2013 жылдан бастап, Қазақ радиосының редактор-жүргізушісі.