Анықбай Еділ Уәкілұлы

1974 жылы 28 сәуірде Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. 1991-1996 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық униеверситетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын 1996-2002 Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылы, Сүйінбай атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болудан бастайды.
 
2002 -2004 жылдары «Еларна» телеарнасынан өндірістік тәжірибеден өтіп, «31 арнаның» «Инфомбюросында» спорт коментаторы, «КТК», «ЮСА» арналарында штаттан тыс тілші болып, 2004-2005 жылдар аралығында «Шалқар» ұлттық арнасында музыкалық жүргізуші, 2005-2006 жылдары редактор, 2006-2008 жылдары «Қайырлы таң, Қазақ елі!» бағдарламасында редактор-жүргізуші, 2008-2010 жылдары «Жастар мен балалар Бас редакциясының» Бас редакторы; 2010-2011 жылдары Қазақ радиосының Әлеуметтік бағдарламалар редакциясы жетекшісінің орынбасары, 2011-2012 жылдары шолушы-редактор қызметін атқарады. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап, Қазақ радиосының Әлеуметтік бағдарламалар редакциясының жетекшісі.