Азамат Жомартұлы Тлепов

1991 жылы 12 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униврситетін тәмәмдаған. 
Еңбек жолын аудандық «Кентау шұғыласы» газетінің штаттан тыс тілшісі болудан бастайды. 2011-2012 жылдары Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде, 2013 жылдың ақпан айында «Қазақстан» Ұлттық арнасында өндірістік тәжірибеден өткен. 2011 жылы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының ұйымдастарған «Жаңа медианың жаңа мүмкіндіктері» атты семинар-тренингіне қатысып, сертификатын жеңіп алған. 2012-2013 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Ең дарынды болашақ журналист» атты олимпиадасына қатысып, «Ең дарынды интернет-журналисі» номинациясын иеленген. Жыл сайын әр өңірде өтетін Блогерлер (BlogCamp) құрылтайының тұрақты қатысушысы.