Болатбек Төлепберген

1974 жылы 5 ақпанда дүниеге келген. 1996 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика   факультетін тамамдаған. Философия ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын «Жас алаш» газетінде тілшіболып бастап, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, «Зерде» және «Жалын» журналдары бас редакторының орынбасары, «Асар» және «Журналист» газеттерінің редакторы болып істеді. 2008 жылдан «Қазақстан» РТРК АҚ Шалқар радиосында бас редактор, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2013 жылдың қаңтарынан Қазақ радиосы директорының орынбасары. Ұлттық мәселелер, тарихи ақтаңдақтар және демократия принциптері турасында өз авторлығымен және құрастыруымен жиырмаға жуық кітапты жарыққа шығарған. Сондай-ақ «Сүйікті менің Отаным» және «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» деректі фильмдерінің авторы.
Қазақстан Жазушылар Одағы мен«Атамұра» корпорациясыныңжазушы Оралхан Бөкей атындағы стипендиясының тұңғыш иегері (1993). «Сорос-Қазақстан» жас жазушылар бәйгесінің жүлдегері (1996), Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (2003), «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалінің иегері (2008), Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (2008) және ҚР Мәдениет қайраткері (2009) және ҚР Президентінің журналистика саласы бойынша сыйлығының лауреаты (2011). Қазақстан Жазушылар Одағы мен Журналистер Одағының мүшесі.