Қапышева Ләззат Мейрамханқызы

1960 жылы 23 тамызда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
 
1977-1982 жылдары Торғай облысы, Амангелді аудандық «Тың шұғыласы» газетінде радиохабарларды ұйымдастырушы, 1982-1983 жылы Алматы облысы, Күрті аудандық «Шұғыла» газетінде радиохабарларды ұйымдастырушы, 1984-1986 жылдары Республикалық телерадио мемлекеттік комитетінде әкімші, режиссердің көмекшісі, бағдарлама бөлімінің редакторы болды. 1986-1990 жылдары Қазақ теледидарының «Балалар мен жастар» редакциясында «Кел, балалар, оқылық!», «Ізбасар» бағдарламасының жүргізушісі, 1990-1998 жылдары Қазақ теледидарының Қоғамдық саяси бас редакциясында «Сырласу» авторлық бағдарламасының жүргізшісі, 1998-2001 жылдары «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Астана» студиясының редактор-комментаторы, «Отандастар», «Көзқарас», «Жаңарынан үзілген балапан жас» хабарларының авторы әрі жүргізушісі болып, қызмет етті. 2006-2008 жылдары Қазақ радиосының «Қайырлы таң, Қазақ елі!» таңғы бағдарламалар жетекшісі, 2008-2010 жылдары Қазақ радиосы Бас редакторының орынбасары болды. 2011 жылдан бастап, «Әдеби-саз» бағдарламалар редакциясының жетекшісі.
 
Қазақстан Журналистер Одағының лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.