Құлымбай Олжас Болатбекұлы

1990 жылы 9 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы қазақ-түрік университетін тәмамдаған.
 
2010-2012 жылы республикалық жоғары оқу орны студенттері арасында «Тәуелсіздік көктемі» тақырыбында өткен айтыстың, облыстық жыр мүшәйралардың жүлдегері. 2013 жылдың тамыз айынан бастап, «Шалқар» ұлттық арнасында редактор-жүргізуші болды.
Бүгінде Қазақ радиосының Ақпарат-сараптамалық бағдарламалар редакциясының редактор-жүргізушісі.