Құралай Жұмахан

1985 жылы 26 маусымда дүниеге келген. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бакалавр, 2009 жылы магистратурасын тәмамдады. 
 
2008 жылдың қыркүйек айынан «Қазақ» радиосында редактор-жүргізуші болды. Қазіргі таңда радиода «Аймаңдай», «Халық қалаулысы», «Абай нұры», «Лирикалық сағат», «Ғасыр ғибраттары» хабарларын, «Ұшқын» жастар бағдарламасын және «Сазды сәлем», «Жайдарман» құттықтау бағдарламаларын жүргізеді. «Қалам-қаржы», «Асыл сөз құдіреті», «Алтын қалам» және т.б республикалық байқаулардың жүлдегері. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап, 2014 жылдың ақпан айына дейін «Шалқар» радиосы Бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылдың ақпан айынан бастап, Қазақ радиосы таңғы ойын-сауықтық бағдарламалар редакциясының жетекшісі.