Құралов Оңғарбек Тәжіқұлұлы

 

Оңғарбек Тәжіқұлұлы Құралов 1970 жылы 9 желтоқсанда дүниеге келген. 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Филология факультетін тәмамдаған. 1993 жылдан бері Қазақ радиосының түрлі редакцияларында қызметтер атқарған. Әр жылдарда Ақпарат-сараптама, Қоғамдық-танымдық бағдарламалар редакцияларының бас редакторы, Үйлестіру және шығару бөлімінің жетекшісі болды. 2007 жылы Қазақ радиосының Веб-сайтын ұйымдастыруға атсалысты. 2012-2014 жж. Қазақ радиосының Бас редакторы, 2014 жылдың ақпанынан Қазақ радиосының Бағдарламалар директоры. 2005 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсында «Біз қалай сөйлейміз?» хабары үшін, 2011 жылы дәл осындай байқауда «Тіл мәдениеті» хабары үшін «Үздік радиожурналист» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды. 2001 ж. ҚР Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты. 2008 ж. ҚР Журналистер Одағының мүшесі. 2012 ж. ҚР Мәдениет және Ақпарат Министрлігі Ақпарат және мұрағат Комитеті Төрағасының ұзақ жылғы жемісті еңбегі және ҚР Тәуелсіздік мерекесі күніне орай Құрмет грамотасымен, 2013 ж. ұзақ жылғы жемісті еңбегі және Журналистер күніне орай ҚР Мәдениет және Ақпарат Министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «Қазақ радиосының үздігі».