Құтпанбай Бақыт Жағыпарұлы

1975 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шәлкөде аулында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино факультетінде «кинотанушы» мамандығын алған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған.
 
1998-2002 жылдары Қазақ радиосында редактор, шолушы, 2001 жылы «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі, 2003-2004 жылдары «НТК» арнасында жаңалықтар бөлімінің редакторы, «Түйін» апталық сараптамалық бағдарламсының жауапты редакторы әрі жүргізушісі, 2005 жылы «31 арна» телеарнасында «Дода» ток шоуының редакторы, 2005 жылы «Алматы» телеарнасында жаңалықтар қызметінің редакторы болған. 2006-2007 жылдары Қазақ радиосының «Жастар» редакциясында редактор-жүргізуші, 2007-2008 жылдары аталған редакция бөлім бастығының орынбасары, 2009-2012 жылдары «Қайырлы таң, қазақ елі!» таңғы бағдарламасының жетекшісі қызметін атқарды. 2012 жылдың қазан айынан Қазақ радиосының Алматы бөлімшесінде редакторлық қызметте. Ә.Байжанбаев, Б.Құсанбек атындағы сыйлықтардың лауреаты.