Молдашева Эльмира Сабырқызы

 

1985 жылы 16 маусымда Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келген. 2002-2006 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
 
Еңбек жолын оқушы кезінен жергілікті «Шу өңірі» газетінің штаттан тыс тілшісі болудан бастайды. 2002 жылы «Жас алаш» газетіндегі «Студент» қосымшасында, 2003 жылы «НТК» телеарнасындағы «Соңғы ақпараттар» бағдарламасында, «Білім әлемі» газетінде қызмет атқарған. 2006 жылдың қараша айынан бері  Қазақ радиосынның редактор-жүргізушісі. 2006 жылы Журналистер арасында өткен Республикалық  «Жастар жанары» байқауының жеңімпазы атанады. 2006 жылы «Хабар» арнасында көрсетілген «Қайтпас қайсар Қайша» атты деректі фильмінің сценарисі, түсірілім авторы. 2008 жылғы ТМД елдер арасында өткен БАҚ-қа арналған Халықаралық Экологиялық фестиваліндегі бейнефильм номинациясы бойынша «Ең үздік жоба» атты сыйлықтың лауреаты.