Мұхтарқұлова Гүлбану Алпамысқызы

 

1974 жылы 31 қаңтарда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
1996-1998 жылдары Қазақ радиосының Жастар және балалар редакциясында аға редактор болып еңбек еткен. 1998 жылдан таңертеңгілік «Қайырлы таң!» бағдарламасының тұрақты жүргізушісі болған. Сондай-ақ, сол жылдары Қазақ радиосында «Дәрігерлік кеңес», кейіннен «Денсаулық» хабарын ашқан, қазір редакторы әрі жүргізушісі. «Ақ босаға», «Нашақорлық-ғасыр індеті», «Бәрі жақсы көрінер алғашқыда», «Сәлеметсің бе, жас толқын», балаларға арналған «Балауса» т.б хабарлардың авторы. Аптасына бір рет жұма сайын жүрген 2 сағаттық «Менің Қазақстаным» хабарлар топтамасының жауапты редакторы, әрі жүргізушісі, қазыналы қарттарымыздың өмірінен сыр шертетін «Қарттарым, аман саумысың» хабарының авторы, жүргізушісі болды.
Қазір экономика және әлеуметтік бағдарламалар Бас редакциясының редакторы. «Денсаулық» хабарының редакторы және жүргізушісі.
Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты (2001), ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері (2007). 2011 жылы «Қазақ радиосының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.