Мұрат Қыдырниязұлы Мұхашев

1967 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағыҚазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
 
1990 – 2003 жылдары «Алматы ақшамы» газетінде, 2003 – 2006 жылдары «Өмір kz» және «Гүлстан» журналдарында шеф-редактор қызметін атқарған. 2006 жылдан бастап, Қазақ радиосында редактор-шолушы, 2008 жылы «Қайырлы таң, қазақ елі!» таңғы ақпараттық-сазды бағдарламалар редакциясының жетекшісі, 2009 жылы Ақпарат-сараптама және таңғы бағдарламалар редакциясының жетекшісі, 2010 жылдан 2012 жылдың қазан айына дейін Әлеуметтік бағдарламалар редакциясының жетекшісі болды. 2012 жылдың қазан айынан бастап Қазақ радиосы Алматы студиясының бас редакторы.
 
 Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі.