Ноғайбай Ләззат Сарқытқанқызы

1984 жылы 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы Семей Университетінің   филология факультетін тәмамдаған. 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Кіші Қарасу ауылы Қарасу орта мектебінде қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі қызметін атқарады. Сондай-ақ, Қарасу ауылы жастар ұйымының басшысы, «Қарасу  жаршысы» газетінің редакторы болады. 2008 жылы Семейдегі қалалық «Радио 7» радиосының жаңалықтар бөлімінде қызмет атқарған.
 
2011 жылдан бастап, «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ «Астана» радиосына редактор-жүргізуші болып қабылданды. 2012 жылдан бастап, Қазақ радиосында  ақпарат-сараптама және таңғы бағдарламалар редакциясының шолушы-жүргізушісі.