Оспанова Әсел Ергешқызы

1988 жылы 16 наурызда дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын «Қазақстан» ұлттық арнасында  «Ел мен Жер», «Талғам» тұтынушылар бағдарламаларында тәжірибеден өтуші редактор болып бастаған.   2007 - 2008 жылдары «Қазақ» ұлт газетінде корректор-тілші, 2007-2009 «Дүние толқын» газетінде редактор. 2007-2010 ж.ж. «Сусар» қыз-келіншектерге арналған газетінің, 2009 жылы «АруАНА» журналының редакторы болды. 2010-2011 жылдары «Өнер жұлдыздары» Республикалық журналының Бас редакторы. 2008 жылдың сәуір айынан бастап, «Қазақ радиосының» Музыкалық бағдарламалар Бас редакциясының редактор-жүргізушісі.
 2007 жылы «Рахат» (СТВ) телеарнасында өткен «Елім деп өткен ерлер-ай!», «Ару-Анада Аяз би» тележобаларының ұйымдастырушысы әрі жүргізушісі. Сондай-ақ, «Қазақ радиосының» ұйымдастыруымен Республика Сарайында өткен эстрада әншілері арасындағы «Алтын дауыс» ән фестивалінің авторы әрі жүргізушісі. Бірнеше авторлық, қайырымдылық концерттердің жүргізушісі болған. «Жыл радиожүргізушісі-2010» аталымының иегері.