Рашай Мұхамедияр Қанқожаұлы

1980 жылы 1 қарашада Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген.
 
1998 жылы «Макаренко» орта мектебі ұстазы, 1999 жылы «Қайнар» лицейінің ұстазы, 2000-2001 жылдары «Алатау» Жамбыл облыстық ән-би ансамблінің әншісі, 2001-2003 жылдары «Алатау» Жамбыл облыстық ән-би ансамблінің бас әкімшісі, 2003 – 2004 жылдары Астана қаласы «Мемлекеттік филармониясы» әкімшісі болды.
 
2004-2007 жылдары Астана қаласы «Мемлекеттік филармониясы» «Наз халық биі ансамблінің» директоры, 2007-2008 жылдары Астана қаласы, Мәдениет департаменті Өнер бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары Астана қаласы «Жастар» театрының бас продюсері, 2011-2012 жылдары Мемлекеттік «Астана Сазы» компаниясы директордың орынбасары, 2011 – 2012 жылдары «Іскерлер толқыны» радиосының музыкалық жүргізушісі болды. 2012 жылдан бастап, Ақпарат-сараптама және таңғы бағдарламалар редакциясының редакторы.
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Мәдениет министрінің алғыс хатымен, Астана қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.