Садық Махат Кәбірұлы

1965 жылы 19 ақпанда туған. ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін, РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы Академиясын, Халықаралық Бизнес Академиясын  бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Қазақ радиосының тілшісі болудан бастады. Кейін Қазақ телевизиясында бағдарламалар жетекшісі.  1995 жылы «Хабар» агенттігінде редактор, комментатор,  «Жеті күн» бағдарламасының авторы, жүргізушісі болды. 1997 жылы «Хабар» агенттігінің атқарушы продюсері, Астанадағы филиалының жетекшісі. 1999 жылы «Қазақстан» телеарнасында ақпараттық бағдарламалардың бас редакторы, «Үш анық» ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі. 2000-2005 жылдары «Қазақстан  Президенті  Телерадиокешенінің» бас директоры. 2005-2006 жылдары «Makhat – Студия» ЖШС Бас директоры, «Фототелерадио» журналының бас редакторы. 2006-2007 жылдары ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары. 2007-2008 жылдары ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі. 2008 жылы ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі. «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры.  Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары,  «Қазақстан» РТРК АҚ-ы «Астана» радиосының директоры қызметтерін атқарған. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақстан Президенті степендиясының иегері.  «Деректі фильмнен үлкен киноға дейін» кітабының, 25 деректі фильмнің авторы. Философия  ғылымының  докторы, Халықаралық Телевидение және радио Академиясының академигі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.