Сәрсенова Рита Балтабекқызы

1984 жылы 25 шілдеде Өзбекстанның Нөкіс қаласында дүниеге келген.
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
2005-2008 жылдары «Мегаполис» газетінің тілшісі, 2007-2008 жылдары «Южная столица» Телерадиокомпаниясының жаңалықтар бөлімінде диктор болды. 2008 жылдан бастап, Қазақ радиосында (ақпарат-сараптама редакциясында, бүгінде Алматы филиалында) жұмыс істейді.