Смаилова Салтанат Нұрпейісқызы

1987 жылы 20 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында дүниеге келген. 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
 
2005 жылдың қараша айынан бастап, Қазақ радиосында қоғамдық-танымдық және әлеуметтік бағдарламалар редакциясында редактор-жүргізуші.