Тойлыбаев Сайлаубай Есжанұлы

 1951 жылы 8 мамырда дүниеге келген. 1977 жылы Қазақтың мемлекеттік С.М. Киров атындағы  университетінің   журналистика факультетін бітірген. 1977–1983 жылдары «Қайнар» баспасында редактор, 1983 – 1991 жылдары «Кітап жаршысы» газетінде аға редактор, 1991-1996 жылдары «Қазақ мұнай өнімдері» концерні Президентінің көмекшісі қызметін атқарған. 1996 – 1999 жылдары Алматы қалалық жұмыспен қамсыздандыру орталығында аудармашы, 1999–2003 жылдары Статистика агенттігінің аударма бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 2003-2005 жылдары Д. Қонаев атындағы заң университетінің тәрбие жөніндегі проректоры, 2005-2006 жылы халықаралық «Дала» журналында бас редактордың орынбасары, 2006 жылдан Қазақ радиосында істейді. 2007 жылы «Руханият» бас редакциясының жетекшісі қызметін атқарған. Бүгінде Қазақ радиосының жүргізуші-редакторы қызметінде. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. «Жалын» баспасынан жарық көрген «Қарлығаш» жас ақындар жинағына бір топ өлеңдері енген. 1987 ж. «Біздің Талғат» атты балаларға арналған проза кітабы, 2001 жылы «Үркер ауып барады» атты өлеңдер, поэмалар жинағы, 2011 жылы «Өмірімнің бәрі өлең» атты жыр кітабы жарық көрген. Алматы облысы, Ескелді ауданының «Құрметті азаматы».