Зарлы Қойшығұл (Қошан) Мұстафаұлы

1956 жылы 10 мамырда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылында дүниеге келген. Алматы Ауылшаруашылық Институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдаған.
 
1984-1996 жылдары бригадир, бас агроном, кәсіпорын директоры, 1996-1998 жылдар аралығында «Қазақтелефильмде» көркесуретті, деректі фильмдер продюссері, 1998-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының бөлім жетекшісі, 2001-2009 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тіл-тәрбие бөлімінің жетекшісі, журналистика факулътеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болды. 2009 жылдан бастап, Қазақ радиосының «Інжу-маржан», Терме» бағдарламаларының авторы және айтаманы.
 
«Екі Кенен тумайды», «Әке даңқын әуелеткен әулетте», «Байзақ датқа» т.б деректі филъмдерінің режиссер-авторы.