Жазира Амантайқызы

1981 жылы 30 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған аданы, Қожакент кеңшарында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін «Телерадиожурналист» мамандығы бойынша, 2005-2007 жж. Т.Рысқұлов атындағы Экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Журналистік еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан телеарнасында «Таңшолпан» таңғы бағдарламасынан бастады. 2000-2012 жылдары «Шалқар» газетінің тілшісі, Халықаралық «Жанашыр» қайырымдылық қорының ақпарат менеджері, 2004 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің «Баспасөз бөлімінің» жетекші маманы. 2008-2009 жылдары «Хабар» телеарнасы «Таразы» бағдарламасының редакторы, 2004-2011 жылдары «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы, Қазақ радиосында Қоғамдық-танымдық бағдарламалар редакциясының редакторы.
2012 жылы Қазақстан ұлттық телеарнасында «Айтуға оңай» ток-шоуының жауапты редакторы қызметін атқарды. Журналистика саласында еңбек ете жүріп, екінші мамандығы экономика бойынша қосымша 2011 жылдан 2013 жылға дейін Түркісіб ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының іс-жүргізушісі, Халыққа қызмет көрсету орталығы Алматы қаласы бойынша филиалында экномика термині бойынша аудармашы қызметін атқарды.
2006 жылы Мәскеуде өткен «Евразия жүзігі» Халықаралық жас журналистер сайысының «Радио» номинациясы бойынша жүлдегері, Елбасы тағайындаған «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалінің иегері.