«Қайырлы таң, Қазақ елі» ақпараттық-танымдық, сазды-көңілашар бағдарламасы күн сайын таңғы сағат 06:00-дан 09:00-ға Қазақ радиосы мен «Шалқар» ұлттық арнасының тікелей әуе толқынына шығады.
Редакциясы: Ақпарат-сараптама және таңғы бағдарламалар редакциясы

Жетекшісі:
Гүлия Сәдуақасова

Жүргізуші-редакторлары: Гүлден Қабиолдақызы, Лаура Омарқызы, Мұхамедияр Рашай
 
Эфирге шығатын уақыты: 6.00-9.00
 
Ұзақтығы: 3 сағат 
 
Жиілігі: күн сайын, аптасына 6 рет
 
Жанры: ақпаратты-сазды, танымдық
 
Байланыс телефондары: 8 (7172) 55-33-49



«Қайырлы таң, Қазақ елі» ақпараттық-танымдық, сазды-көңілашар бағдарламасы күн сайын таңғы сағат 06:00-дан 09:00-ға Қазақ радиосы мен «Шалқар» ұлттық арнасының тікелей әуе толқынына шығады. Бағдарлама тыңдаушылардың таңертеңгілік көңілін көтеріп, рухани сергектігін арттыруға негізделген. Таңғы көңілашар эстрадалық әндер, қызықты деректер, шартарапта болып жатқан оқиғалардан шұғыл ақпараттар, ғылым-білім, медицина, спорт, автожаңалықтар, сән әлемінің елең еткізер оқиғалары, ел іші хабарлары, ауа-райы, биржа бағамы, керек кеңестер, жедел сұқбаттар, ұлттық мәселелер төңірегінде ой-талқылаулар т.б. барлығы жекелеген айдарлар бойынша қамтылады.


Бағдарламаның жүргізушілері – Гүлден Қабиолдақызы (Сайранова), Лаура Омар, Мұхамедияр Рашай. Шығармашылық топтың басты ұстанымы: «Тәңірінің күні жарқырап, Ұйқыдан көңіл ашар көз. Қуатты ойдан бас құрап, Еркеленіп шығар сөз».


«Қайырлы таң, Қазақ елі» – алтын таңмен бірге оянып, тіршілігіне кіріскен барша жұрттың құлағын түре жүретін сүйікті бағдарламасы саналады әрі тыңдалу рейтінгісі жоғары.


Бағдарламалар мұрағаты