Бастауыш сынып оқушыларының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне негізделген бағдарлама.
 
Редакциясы: Әлеуметтік бағдарламалар редакциясы
 
Жетекшісі: Еділ Анықбай
 
Авторы: Нұрсәуле Мұқанқызы
 
 
Саунд операторы: Асхат Асқанбай
 
Эфирге шығатын уақыты: сенбі, 11:35
 
Ұзақтығы: 20 минут
 
Жиілігі: аптасына бір рет
 
Жанры: танымдық, ойын-сауықтық
 
Байланыс телефондары: 8 (7172) 55-32-67
 

Бастауыш сынып оқушыларының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне негізделген бағдарлама. Бағдарлама жеті айдардан тұрады: «Сөз сыры» айдары – балалардың ана тілін еркін меңгеріп, қазақ тілінің қадір-қасиетін тереңнен сезінуге бағытталған. Онда тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің мән-мағынасы беріледі; «Ұлыларды ұлықта» айдары – қазақ халқының әр саладан жемісті еңбек еткен немесе тарихта аты қалған тұлғалардың есімін ұлықтайды; «Қуырмаш» айдары – бөбектердің интелектуалдық ой-өрісін дамытуға, ұлттық ойындарлды насихаттауға арналған; «Балалық шаққа саяхат» айдары – танымал тұлғалардың балалық шағына саяхат жасап, өмірлік ақыл-кеңестерін өнеге, үлгі етуге арналған: «Негеш» - балалардың көкейіндегі барлық сұрақтарға жауап береді; «Жануарлар әлемі» - бүлдіршіндерге табиғатты, жан-жануарларды аялауды үйретеді; «Ертегілер елінде» айдарында балаларға ертегілер оқылады; «Өнерлі өренде» талапты, талантты балалардың өнері, шығармашылығы насихатталады.


Бағдарламалар мұрағаты