«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітаптан «Өрелі өмір өнегесі» айдары бойынша дайындалған хабар.
Жоба жетекшісі: Махмұт Қасымбеков

Жауапты редакторы:
Махат Садық, Серік Сейітман

Мәтінді оқығандар: Аманжан Еңсебайұлы, Шолпан Байғабылова

Дыбыс режисеры: Халық Ризабек

Эфирге шығатын уақыты: күн сайын, 13:35, қайталау 19:02
 
Ұзақтығы: 20 минут
 
Жанры: радиокомпозиция

Байланыс телефоны:
8 (7172) 55-32-79
 

2013 жылы «Деловой Мир Астана» баспасы көркем безендірілген «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» деп аталатын кітапты бастырып шығарды. Оның авторы – белгілі қаламгер-публицист Махмұт Қасымбеков.

Кітапта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан бастап Ұлт Көшбасшысы болған кезіне дейінгі өмірі мен еңбек жолдары баяндалады. Оны, сондай-ақ, Елбасымыздың осы кезге дейінгі өмірі мен қызметінің ең маңызды кезеңдері ресми әрі мейлінше жүйелі де толық баяндалған туынды деп атауға болады.

Еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастап, ұдайы оқып, тынбай ізденіп, өзін өзі жетілдірудің арқасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жоғары мәртебелі қызмет лауазымына ие болып, бүгінде аты әлемге танымал саяси қайраткердің деңгейіне көтерілген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ғибратты өмір жолы кім-кімді де қызықтырмай да, таңдандырмай да қоймайды. Мұның өзі әсіресе болашақ өмір жолын, еңбек жолын айқындауды ойланып жүрген жасөспірімдеріміз бен жастарымыз үшін жақсы үлгі-өнеге екені анық.

Сондықтан, Қазақ радиосы сол «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» деп аталатын кітаптан «Өрелі өмір өнегесі» айдары бойынша хабарлар циклын бастап, тыңдармандардың назарларына ұсына бастады.
Бағдарламалар мұрағаты