Талай жанның рухани азығына айналған қазақ әдебиетінің жауһар дүниелерін әңгімеге арқау ету арқылы бүгінгі өскелең ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға негізделген бағдарлама.
Редакциясы: Әбеди-саз бағдарламалар редакциясы

Жетекшісі:
Ләззат Қапышева

Жүргізушілер:
Ғалия Өзбекбайқызы, Әсел Ергешқызы

Эфирге шығатын уақыты:
дүйсенбі, 22:00

Ұзақтығы:
60 минут

Жиілігі:
аптасына бір рет

Жанры:
әдеби-танымдық

Форматы:
тікелей эфир

Байл
аныс телефоны: 8(717) 255 37 79

Идеясы: Талай жанның рухани азығына айналған қазақ әдебиетінің жауһар дүниелерін әңгімеге арқау ету арқылы бүгінгі өскелең ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға негізделген бағдарлама.


Мақсаты:
Қазақ әдебиеті туындыларын әңгімеге арқау ету. Ауылды жерлерде кітапханалардың қайта бой көтеріп, әдеби құндылықтарымыздың халық игілігіне айналуына ықпал ету. Әр бағдарлама сайын жазушылардың бір-бір шығармасын алып, тыңдарманмен ой бөлісу. Шығарманың қызықты тұстарынан тыңдарманға сұрақтар қойып, жастарға, ересектерге қатысты үлгі боларлық махаббат, сыйластық, қимастық, сағыныш сияқты ізгі сезімдерге қатысты оқиғаларынан пікір туғызу.


Берілу формасы:
Бағдарлама әр дүйсенбі сайын күнделікті түнгі 22:00-23:00 аралығында тікелей эфирде жүргізіледі. Студияда 2 жүргізуші өзара әңгіме-дүкен құра отырып, бағдарлама тізгінін қолдарына алады. Жүргізушілердің әңгімесінің арасында арнайы айдарлар беріледі, тыңдарманға викториналық сұрақтар қойылады.


Аудиториясы:
Мемлекеттік және жеке қызметтегі азаматтар, зейнеткерлер, үй шаруашылығындағы әйелдер, жасөспірімдер.


Бағдарламалар мұрағаты