Хабарда дұрыс сөйлеу, сөздерді дұрыс жазу, дұрыс қолдану мәселелері талқыланады.

Авторы: Оңғар Құралов
 
Саунд операторы: Қайсар Ердешұлы
 
Эфирге шығатын уақыты: жұма, 11:30
 
Ұзақтығы: 15 минут
 
Жиілігі: аптасына 1 рет
 
Жанры: танымдық
 
Байланыс телефондары: 8 (7172) 55-32-79
 

Осыдан он шақты жыл бұрын Қазақ радиосынан «Біз қалай сөйлейміз?» деген атаумен көптеген хабарлар ұйымдастырылған болатын. Онда қазақ сөздерін дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу, дұрыс қолдану, үндестік заңы сияқты мәселелер көтерілген еді. Қарап отырсақ бұл мәселелер әлі де күн тәртібінен түскен жоқ. Әлі де тіліміз төрт аяғын тең басып, тіл мәдениетіміз артып кетті деп айтуға ерте. Сол үшін де «Біз қалай сөйлейміз?» хабарлар циклін әр жұма күні Қазақ радиосынан қайталап беріп отыруды жөн көрдік.


Бағдарламалар мұрағаты