Қай елдің білімі жақсы дамыса, ғылымы да жоғары өрлеп, сол елдің болашағы да жарқын болары сөзсіз. Біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр - ғылымның шыңына жеткен заман. «Осы тұрғыдан бүгінгі қазақ ғылымы мен білімінің жағдайы қандай, келешегі не болмақ?», «Білім беру жүйесі қалай дамуда, ғылымда ілгерілеу бар ма?» деген сұрақтарға жауап іздеу – хабардың басты мақсаты.

Редакциясы: Алматы студиясы

Жетекшісі: Мұрат Мұхаш

Жүргізушісі:  Нұржамал Хасанқызы

Монтаждаушы дыбыс операторы: Нұрмат Шаршамаов

Эфирге шығатын уақыты: Жұма, 14:05
 
Жанры: ғылыми-танымдық

Ұзақтығы: 15 минут
 
Жиілігі: аптасына 1 рет
 
Форматы: таспа
 
Байланыс телефоны: 8 (727) 393-22-63

E-mail: n.zhanabaeva@mail.ru

Қай елдің білімі жақсы дамыса, ғылымы да жоғары өрлеп, сол елдің болашағы да жарқын болары сөзсіз. Біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр - ғылымның шыңына жеткен заман. «Осы тұрғыдан бүгінгі қазақ ғылымы мен білімінің жағдайы қандай, келешегі не болмақ?», «Білім беру жүйесі қалай дамуда, ғылымда ілгерілеу бар ма?» деген сұрақтарға жауап іздеу – хабардың басты мақсаты. Хабарға елімізге белгілі ғалымдар мен білім беру ісінің қызметкерлері, мамандар қатыстыру көзделуде.
 

Соңғы жылдары қоғамдағы күллі өзгерістерге байланысты, еліміздің білім жүйесінде де үзіліссіз реформалар болуда. Өйткені, мемлекеттің халықаралық білім кеңістігіне енуі үшін білім саласына айтарлықтай жаңашылдық пен әлемдік стандартқа сай ілгерілеушілер қажет. Ал, келешектің кілті бүгінгі жас өркеннің білім деңгейімен өлшенетінін бүкіл қоғам мойындап отыр. Хабар бүгінгі таңдағы жаңалықтар мен көкейкесті мәселелерді білім саласындағы мамандар арқылы елге түсінікті де, ұғынықты түрде жеткізіп отыруды мақсат етеді.


Бағдарламалар мұрағаты