Мектеп жасындағы балаларға арналған интеллектуалдық радиоойын. Мақсаты - балалардың ғылыми-танымдық деңгейін анықтап, жалпы білімдерін таразылап көру, тыңдаушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Редакциясы: Әлеуметтік бағдарламалар редакциясы

Жүргізушісі: Эльмира Сабырқызы

Жанры:
танымдық, сазды-көңілашар.

Эфирге берілетін уақыты:
Дүйсенбі,14.05

Жиілігі:
аптасына 1 рет

Ұзақтығы:
30 минут

Форматы: Тікелей эфир

Байланыс телефоны: 8 (7172) 55-32-67

E-mail:
aleumet@kazradio.kz

 


Балалардың білім деңгейі мен ақыл-ой жылдамдығын сарапқа салатын танымдық бағдарлама.

Хабар негізгі үш кезеңнен тұрады:

1 – кезең «Ойкөкпар» деп аталады. Мұнда ойыншы ғылымның әр алуан салаларына негізделіп құралған 3 түрлі викториналық сұрақтарға жылдамдатып жауап беруі тиіс. (Мысалы: Қазақтан шыққан вальс королі – «Ш. Қалдаяқов»; Бір жасушалы ағза – «Амеба», т.с.с.»)

2 – кезең «Сөзталас» деп аталады. «Ойкөкпар» кезеңінен сүрінбей өткен қатысушы салт-дәстүр, әдет-ғұрып немесе жалпы ұлттық жөн-жоралғыларымызға негізделіп жасырылатын сөзді табуы тиіс. (Мысалы: «Шілдехана» қашан тойланады? – «Нәресте алғаш дүниеге келгенде» т.с.с.)

3 – кезең «Көкжиек». Бұл кезеңге келіп жеткен ойыншыға түрлі жанрдағы ұлттық ән-күйлерден не балаларға арналған шығармалардан (өлең, әңгіме, повесть, роман, т.б. (Шығармалар алдын-ала дикторларға оқытылады)), немесе қазақ киносынан (негізінен балалар киносы: «Менің атым – Қожа», «Алты жасар Алпамыс», т.с.с.) үзінділер жұмбақталады. Қатысушы шығарманың (немесе кинофильмнің) аты мен авторын табуы тиіс.

Ойыншы балалардың ғылыми-танымдық деңгейін анықтап, жалпы білімдерін таразылап көру мақсатында ойналады, тыңдаушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелейді. Оқушылардың білгірлігін анықтап қана қоймай, рухани кемелденіп, толығуына жол ашады. Ақыл-ой жылдамдығын сарапқа салады.


Бағдарламалар мұрағаты