16 маусым
10:00
Астана қаласында бірінші халықаралық «Сиқырлы Астана» сиқыршылар фестивалі өтеді
5-6 шілде күні Астана қаласында бірінші халықаралық «Сиқырлы Астана» сиқыршылар фестивалі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабына сілтеме жасай отырып. «Бұл елімізде тұңғыш рет қолға алынып отырған бірегей жоба. Бұрын-соңды өткізілмеген фестивальді ұйымдастырушылар енді жыл сайын жүзеге асырмақ. Екі күндік шоу барысында магиялық өнердің майын ішкен майталмандар Бейбітшілік және Келісім сарайында жиналғандарға екі күндік шоу ұсынады, - делінген хабарламада.