20 маусым
18:07
«Астана кештері» атты ІІІ халықаралық өнер фестивалі басталды
Бүгін елордада «Астана кештері» атты ІІІ халықаралық өнер фестивалі өз шымылдығын түрді. Маусымның 22-не дейін жалғасатын мәдени шара Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрінің концертімен ашылмақ.
 
Сондай-ақ, фестивальге Шаба Әденқұлқызы, Ерлан Рысқали, Айгүл Қосанова сынды белгілі орындаушылар да қатысады. Шара шеңберінде 5 концерт өткізу жоспарланған. Олар «Астана-Опера» мен Бейбітшілік және келісім сарайының концерттік залдарында өтеді. Оған Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Италияның атақты әншілері өнер көрсетеді.
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба қайырымдылық мақсатта өтетіндіктен, барлық билеттер зал кассаларында тегін таратылады.