17 маусым
15:00
Астана күні қарсаңында елордалықтар Сыр сахнагерлерінің өнерін тамашаламақ
Маусымның жиырма алтысы мен отызы аралығында еліміздің бас қаласында Қызылорда облысының мәдениеті мен өнері күндері өтеді. Осы шара аясында Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы астаналық талғампаз көрермен назарына 3 спектаклін ұсынбақ. Олар жазушы Жабал Ерғалиевтің «Құлпытастың көз жасы» драмасы, Иран Ғайыптың «Қорқыт» туындысы және Ерсайын Төлеубайдың «Абай» шығармасы.
 
«Қазір әртістер гастрольдік сапарға тыңғылықты дайындалуда. Елордалықтардың көңілінен шығып, көрерменнің жоғары бағасын алу басты мақсатымыз дейді», - театрдың көркемдік жетекшісі Хұсейін Әмір-Темір.