16 маусым
12:00
Астанада «Шуақты қала» отбасылық фестивалі өтеді
Қала күнін мерекелеу аясында 5-7 шілдеде «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда «Шуақты қала» қалалық отбасылық фестивалі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі  ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарлады. Фестиваль аясында ересектерге арналған спорттық-күлкілі ойын-сауықтар, келушілерге арналған байқаулар, оркестрлер мен жеке орындаушылардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. «Шуақты қала» фестивалінің негізгі міндеті  отбасылық демалысты жандандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.