20 маусым
10:00
Әзірбайжандық кілем тоқушылар «Астана маңындағы мыңжылдық» көшпенділер өркениеті фестиваліне қатысады
Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды. Фестиваль 4-7 шілде аралығында Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы алдындағы алаңда өтеді. Фестивальде әзірбайжандық шеберлер ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген кілемдерді жұртшылық назарына ұсынады. Сонымен қатар, шараға Өзбекстан, Түркия, Якутиядан шеберлер қатысады деп жоспарлануда. Жәрмеңке аясында «киіз басу», «сырмақ жасау», «ши тоқу» сияқты қолданбалы өнерден шеберлік сабақтары ұйымдастырылатын болады.