18 маусым
21:00
Биыл Астананың туған күніне орай 70-тен астам мәдени шара өтеді
Жиырмасыншы маусымнан басталатын мерекелік шараларға қала бюджетінен 700 млн. теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында қалалық мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылы тұсауы кесілген театр фестивалі биыл да өз жалғасын тауып, «Мәңгілік ел – ұлт мұраты» атты республикалық мүшәйра байқауы да жарияланды. Сонымен қатар, шаһар күні қарсаңында Алматы, Есіл, Сарыарқа аудандарында көптеген аула абаттандырылмақ.