02 қазан
18:33
«Рүстем-Зораб» дастаны

Тақырып бойынша жаңалықтар

Біздің анықтама:
 
«Рүстем-Зораб» дастаны - Әбілқасым Фердаусидің «Шаһнама» дастанының бір бөлігі. 1938 жылы «Рүстем-Зорабтың» 12 кітабын Фридрих Рюккерт аударады. Ал орыс тіліне 1947 жылы Василий Жуковский аударады. Алғаш жырды 1856-1870 жылдары қазақ топырағына жеткізген ақын Ораз молда болатын. Одан кейін 1914-1915 жылдары Мұхамеджан Сералин «Рүстем-Зораб» дастанын аударып, «Айқапқа» бастырған. «Оның өткен ғасырдың басында аударған «Рүстем-Зораб» дастаны көлемді екі кітап болып, қазақ оқырманына кейінгі жылдары ғана жетті», - дейді ақын Ұлықбек Есдәулет.
 
Дастанның үлкен бір бөлігі М.Әуезовтің алғысөзімен 1961 жылы басылып шықты. «Жәмшитнама» (12 мың жол) және «Дарапнама» (4 мың жол) бөлімдерімен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы «Шаһнама. Рүстем – Дастан» деген атпен жарық көрді.
 
Дастанның көлемі 24 мың жол, 30 тараудан тұрады, 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған, 7 – 8 буын жыр үлгісі де кездеседі.
 
Дастанда сонау орта ғасырдағы Иран және Тұран елдері арасындағы соғыс баяндалады. Сондай-ақ, елін-жерін қорғаған Иран батыры Рүстем мен оның ұлы Зораб хақында.
 
Жақсылық пен жамандықты айқын көрсететін дастанда «Егер жауың өз ортаңнан болмаса, онда ғасыр бойына алаңсыз өмір сүруге болады. Алыстағы дұшпаннан қорықпа. Ал іштегі жау сырттағы дұшпаннан қауіптірек» деген ойлар айтылады.
 
Хикаяда Рүстем Зорабты өзінің ұлы екенін білмей өлтіреді.