22 мамыр
18:00
Бақыт Сұлтанов Ресей Федерациясы қаржы министрінің орынбасарымен кездесті

Тақырып бойынша жаңалықтар

VII Астана экономикалық форумы алаңында Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Ресей Федерациясы қаржы министрінің орынбасары Дмитрий Панкинмен кездесу өткізді. Тараптар Еуразиялық экономикалық қауымдастық, сондай-ақ Еуразия даму банкінің Дағдарысқа қарсы қорының жұмыс жасау мәселесін талқылады. Дмитрий Панкин қазақстандық әріптестерін Ресейдегі экономикалық жағдайдан хабардар етті. Ал Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай жөнінде, атап айтқанда, Үдемелі инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығын іске асыру процесі, сондай-ақ екінші бесжылдық жоспарлары туралы әңгімеледі.