23 мамыр
18:00
Елбасына 2013 жылғы «Әлеуметтік бизнес-диалогты нығайтуға үлес» номинациясындағы сыйлығы тапсырылды

Тақырып бойынша жаңалықтар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа VІІ Астана экономикалық форумы аясында Жаһандық диалог және ынтымақтастық орталығының 2013 жылғы «Әлеуметтік бизнес-диалогты нығайтуға үлес» номинациясындағы сыйлығы тапсырылды. Марапатты Қазақстан Президентіне Еуропа Парламентінің мүшесі Марио Давид және Болгарияның экс-президенті Петр Стоянов табыс етті. Сонымен қатар, бүгін айтулы жиын барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі, сондай-ақ Ислам даму банкі тобы арасындағы серіктестік туралы негіздемелік келісімдерге қол қойылды. Жаһан назарындағы жылсайынғы форумнан әріптесім Ләззат Ноғайбай телефон арқылы хабарлайды.