22 мамыр
18:00
Мемлекеттік қызмет саласында Өңірлік хабқа ұмтылған Қазақстан өз алдына зор мақсат қойып отыр

Тақырып бойынша жаңалықтар

Бүгін елордада жалғасын тапқан VI Астана экономикалық форумы аясындағы конференция барысында БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Стивен Тулл осылай мәлімдеді. Оның айтуынша, меритократияға негізделген мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың әділ тәжірибесі мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабқа ұмтылатын көптеген елдер алдарына зор мақсаттар қойып отыр. Қазақстан да - сондай елдердің бірі. Бұл ретте «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттары да үлкен маңызға ие», - деп атап өтті БҰҰ Даму Бағдарламасының өкілі.