23 мамыр
13:00
VII Астана экономикалық форумы қатысушыларына БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бейнехабарлама арқылы жолдауын жiбердi

Тақырып бойынша жаңалықтар

Бүгiн елордада VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференциясы қатысушыларына Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун бейнехабарлама арқылы өзiнiң жолдауын жiбердi.
 
«Әлем экономикасы 2008 жылғы қаржылық дағдарыстан әлi айыққан жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық болжамдары жағымды болғанымен, жаһанда көптеген маңызды мәселелер бар. Менi жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесi қатты алаңдатады. Осыған байланысты мен үкiметтерге жұмыс орындарын ашуға бағытталған тұрақты өсу саясатын қабылдауға шақырамын», - деді Пан Ги Мун өз сөзінде.