23 мамыр
13:00
Жаһандық деңгейдегі сын-қатерлердің алдын алып, оларға қарсы күресуіміз керек - Наджиб Тун Разак

Тақырып бойынша жаңалықтар

Жаһандық деңгейдегі сын-қатерлердің алдын алып, оларға қарсы күресуіміз керек. Бүгін VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференциясының жалпы отырысында Малайзияның Премьер-Министрі Наджиб Тун Разак осылай деді. «Біздің бүгінгі форум дер уақытында өткізілуде. Соңғы 30 жылдың ішінде жаһандану қарқыны барынша үдей түскені белгілі. Әрине, оның оңтайлы тұстарының көп болғандығы анық. Нақты атап өтер болсам, жұмыссыздық деңгейі төмендеп, кедейшілікпен күрес шаралары күшейтіле түсті. Бұған қоса жаһандық экономика бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орната білді», - деді ол сөзінде.