23 мамыр
10:00
Жас ғалымдар конференциясы өтті

Тақырып бойынша жаңалықтар

Нобель сыйлығының лауреаттары Еуразиялық Одақтың болашағына қатысты болжам айтты. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде VII Астана экономикалық форумы аясында жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Онда Нобель сыйлығының лауреаттары Финн Кидланд, Эрик Маскин жас ғалымдар алдында дәріс оқыды. Финн Кидланд егер Еуразиялық Одақ сауда, тауар айналымын кеңейтуге бағытталған үрдісінен жаңылмаса, онда келешегінен үміт күтуге болады деп есептейді. Ал Эрик Маскин  дамығысы келетін ел тек әлемдік қауымдастықпен ашық әріптестік қатынасты өрбіте алса, жетістікке жетеді деп мәлімдеді.