01 мамыр
16:00
Ынтымақ пен бірлік мерекесін қостанайлықтар ерекше атап өтті
Тағдыры Тобыл өңірінде тоғысқан түрлі ұлт өкілдері облыс орталығында бас қосып, достық салтанатын өткізді. Қостанай топырағын мекен еткен алуан ұлыстың салт-дәстүрі мен мәдениетін паш ететін қызықты да мазмұнды қойылымдар сахналанды. Этномәдени орталықтар ұлттық тағамдар көрмесін де ұйымдастырды. Осы өңірдегі меншікті тілшіміз Нұрқанат Құлабаев әңгімелейді.