02 мамыр
12:00
Қарағандыда Қазақстанның халқының бірлігі күніне арналған бірқатар мерекелік шаралар өтті
Дәстүр бойынша шара салтанатты шерумен басталды. Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы салтанатқа қатысушылар алдында сөз сөйлеген облыс әкімі Бауыржан Әбдішев көпшілікті мерекемен құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық медалін «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Уәйіс Жанаевқа және облыстық мәслихаттағы Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жетекшісі Раушан Досмағамбетоваға тапсырды. Сонымен бірге 27 этномәдени бірлестіктер азаматтық тыныштықты нығайтуға қосқан үлесі үшін әрқайсысы 700 мың теңгеден облыс әкімінің сыйлығына ие болды.