02 мамыр
12:00
Мерекелік шеру өтті
Қазақстан халқының бірлігі күні Петропавлдың орталық көшелерімен елдің мызғымастығының символы ретінде 12-метрлік мемлекеттік туды алып өтті. Мерекелік шеруге Солтүстік Қазақстан Облысының этномәдени бірлестіктерінің 550 өкілі қатысты. Шеру соңынан Тәуелсіздік стеласының қасында облыс әкімі Самат Ескендіровтің қатысуымен аспанға «Достық дестесі» және Петропавлдықтар мен қала қонақтарының тілектері жазылған шарлар ұшырылды. Шеруге өңірдің үкіметтік емес ұйымдардың, еңбек ұжымдарының өкілдері және жастар да қатысты.