01 мамыр
15:00
Нұрәлі Сәдуақасов Қазақстан халқының бірлігі күнімен жұртшылықты құттықтады
Қостанай облысының әкімі Нұрәлі Сәдуақасов Қазақстан халқының бірлігі күнімен жұртшылықты құттықтады.
 
«1 мамыр - барша қазақстандықтардың берік достығының, адал ниеті мен мақсат-мүддесінің, бірлігінің нышаны іспеттес. Жылдар бойы тыныс-тіршілігіміз бір болып, біртұтас ел атандық. Ұлтқа, дінге бөлінбей, достық, сенім, ұйымшылдық, ынтымақтастықты баға жетпес құндылығымызға айналдыра білдік», - деді әкім өз құттықтауында.
 
Қазірігі уақытта қала орталығындағы облыс әкімдігі маңында орнатылған сахнада «Бірлік түбі тірлік» атты мерекелік іс-шара өтуде. Онда «достық керуені» ойын-сауық бағдарламасы жалғасып жатыр. Оған облыстың барлық ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері қатысуда. Қостанайда ұлттық қол өнері байқауы, ұлттық тағамдар көрмесі де ұйымдастырылады.