01 мамыр
16:00
Бірлік күні Шығыс Қазақстан облысында кеңінен аталып өтуде
Қазақстан халқының бірлігі күні Шығыс Қазақстан облысында да кеңінен атап өтілуде. Бүгін аймақта 600-ден аса мерекелік шара өтеді деп жоспарланған болатын. Басты думан барлық елді-мекенде орталық алаңдарда ұйымдастырылған. Халық көтеріңкі көңіл күймен таңсәріден мерекеге жиналуда. Өскемендегі Республика алаңындағы «Мен – Қазақстанның патриотымын» атты шарадан толығырақ осы облыстағы меншікті тілшіміз Дәулет Бақытбекұлы әңгімелейді.